Жаңалықтар

Ақтау қаласының әкімі нысандарға мониторинг жүргізді

Ақтау қаласының әкімі нысандарға мониторинг жүргізді
Фото: Ақтау қаласының әкімдігі 10.03.2024 10:25 814

Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев 29А шағын ауданын аралап, салынып жатқан құрылыстарға мониторинг жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімі аталған шағын аудандағы құрылыс нысандарына қатысты бірқатар мәселені қозғады.

29А шағын ауданында мектептер, балабақшалар мен жол мәселесіне қатысты тұрғындардан сауал көп түсуде. Бас жоспар және егжей-тегжейлі жоспарлауға сәйкес аталған шағын ауданның аумағы өндірістік базаға жатады және санитарлық-қорғау аймағы болуы керек(зират және бұрынғы құс фабрикасының орны болған). Бірақ тұрғын үйге тағайындалған кейбір аумақтарда бар. Бүгін біз өндірістік базаларға арналған учаскелердің нысаналы мақсатына қарамастан, қалай болса солай салынып жатқан құрылыстарды көріп отырмыз. Егер тиісті шаралар қабылданбаса, аталған шағын аудан ғимараттары мен инфрақұрылымының бірыңғай талабы сақталмаған екінші 16 шағын ауданға айналады(бұрынғы карьердің орны). Бірінші кезекте тұрғындардың қауіпсіздігі мен оларға қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз ету қажет. Аталған шағын ауданда салынып жатқан заңсыз тұрғын үйлердің алдағы уақытта қажетті инфрақұрылыммен қамтасыз етілуі - күрделі мәселе. Себебі қаладағы су, жылу желілеріне үлкен жүктеме түседі. Қаладағы шағын және орта бизнестің дамуы экономикалық мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бірақ құрылыс нысандары заңсыз болса, тиісті шара қабылдануы қажет, - деді Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев.

Сонымен қатар, қала әкімі жауаптыларға 29А шағын аудан ішіндегі тазалықты қатаң қадағалауды тапсырды.

Қоқыс үйіндісін тез арада жинау қажет. Полиция қызметкерлері тарапынан үнемі мониторинг жұмыстары жүргізілуі керек. Бейнебақылау камераларын орнату бойынша ұсыныс беріңіздер. Заңсыз қоқыс тастау фактісі орын алған кезде тиісті шарасын қабылдаңыздар, - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, қала әкімі автокөлік жуу орындарындағы суды пайдалану мәселесін қозғады. Ұлықбек Тналиев «Каспий жылу, су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қаладағы барлық автокөлік жуу орындарына суды қайта пайдалану(рециклинг) бойынша хабарлама беруді тапсырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға