Ақтау маңында құлаған ұшақта қанша қазақстандық болды

Фото: Ақтау әкімдігі
Фото: Ақтау әкімдігі
25.12.2024 12:58
1131
Ақтау маңында құлаған ұшақта қанша қазақстандық бар екені айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік министрлігінің мәліметінше, бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала.
Алдын ала болжам бойынша, Embraer 190 ұшағы құстармен соқтығысқан.
Бұған дейін, ұшақ бортындағы жолаушылар тізімін жариялаған едік.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
2025 жылы Президент сайлауы бола ма? Айдос Сарым жауап берді
Келесі жаңалық
БАӘ компаниясы Қонаевта қант зауытын салуды жоспарлап отыр