Жаңалықтар

Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі

Ақтау маңында апат болған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядағы орталыққа жіберіледі
Фото: t.me/kolikpress 29.12.2024 22:35 643

Ақтаудағы Авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия апат болған ұшақтардың қара жәшіктерін Бразилиядағы орталыққа жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігі Чикаго конвенциясының 13 қосымшасына сәйкес тергеу жүргізетін мемлекет борттық өздігінен жазғыш деректерін оқуды қамтамасыз етеді және оларды қай елде таратып жазу туралы шешім қабылдайтынын еске салды.

Ал Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі болып табылады.

Жоғарыда аталған құжаттың негізінде, сондай-ақ ИКАО ұсынымдарын ескере және Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық билік өкілдерімен кеңесе отырып, көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия борттық өздігінен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Embraer әуе кемесін шығарушы Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығына (CENIPA) жіберу туралы шешім қабылдады, - делінген мәліметте.

Ведомство CENIPA орталығында қажетті техникалық мүмкіндіктер қарастырылғанын, тиісті құралдармен жабдықталғанын және оларды оқу үшін сертификатталған зертхана бар екенін алға тартты.

Бұл мәселе мемлекет басшысының жеке бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға