Жаңалықтар

Ақтау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

Ақтау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр
Фото: Pixabay 03.11.2024 17:13 402

Атырау — Ақтау бағыты бойынша KC7277 рейсі 2024 жылғы 2 қарашада сағат 06:40-та ұшуы жоспарланған болатын. Алайда әуекомпания Ақтау қаласындағы ауа-райына байланысты рейсті кейінге шегеруге мәжбүр болды. Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясынан мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуекомпания өкілдеріне жүгінген жолаушыларға сусындар, ыстық тамақ және қонақ үйге орналастыру ұсынылды. Барлық жолаушылар билет құнын толық қайтару немесе тегін қайта брондау мүмкіндігіне ие болды. Ақтау — Ыстамбұл тоғысу рейсін жіберіп алған жолаушылар да толық қайтарым немесе тегін қайта брондауды рәсімдей алады.

Рейстің ұшуы 2 қарашада сағат 21:50-де орындалды. Ақтау қаласындағы ауа-райына байланысты (атап айтқанда, қатты тұман және тиісінше көріну деңгейі ең төменгі деңгейден төмен болуына) ұшақтың қонуы мүмкін болмады. Атырау қаласына оралу туралы шешім қабылданды.

Екінші ұшу 2024 жылғы 3 қарашада сағат 06:50-де орындалды, бірақ Ақтау қаласындағы ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақ Атырауға қайта оралды.

Кідірістер кезінде жолаушыларға сусындар мен ыстық тамақ, сондай-ақ сұраныс бойынша қонақ үйге орналастыру және тұрғын үй жалдау құнын өтеуге кепілдік хаттар берілді.

Қазіргі уақытта рейстің жоспарланған ұшу уақыты — 17:30.

Жолаушылардан қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және ауа-райы жағдайлары рейстердің кешігуінің басқарылмайтын себептеріне жататынын еске саламыз. Қауіпсіздік — FlyArystan әуекомпаниясының басты құндылығы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға