Жаңалықтар

Ақтау гарнизонының бастығы сарбаздардың аналарымен кездесті

Ақтау гарнизонының бастығы сарбаздардың аналарымен кездесті
Фото: Қорғаныс министрлігі 21.10.2024 16:24 1073

Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда мерзімді қызмет сарбаздарының қызмет ету жағдайы мен олардың моральдық-психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Ақтау гарнизонының бастығы, әскери бөлімдердің командирлері, ҰҚК Шекара қызметінің, Ұлттық ұланның және "Аналар жүрегі " сарбаз аналары комитеті" РҚБ өкілдері қатысты.  "Аналар жүрегі" сарбаз аналар комитеті" РҚБ төрағасы Лилия Хайруллина іс-шараға онлайн форматта қосылды.

Ақтау гарнизонының бастығы подполковник Азамат Сүлейменов шарға қатысушыларға ынтымақтастық пен көтерілген өзекті мәселелер үшін алғысын білдірді. Ол мерзімді қызметтегі сарбаздардың қауіпсіз қызметін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Әскери бөлімдердің командирлері бөлімшелердегі жұмыстардың ағымдағы жай-күйі және шешуді талап ететін мәселелер туралы айтты. 

Іс-шара барысында тиісті түсініктемелер берілген ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Талқылау қорытындысы бойынша тараптар атқарылатын жұмыстар жоспарын белгіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан сарбаздар да марапатталды. Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Байтеміров оларға Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарын табыс етті. Гвардейск гарнизонындағы 21450 әскери бөлімінде қызмет ететін қатардағы жауынгер Ержан Илберген Батыс Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарын жоюға қатысты.

Оның анасы Жанна Бабатаева Қорғаныс министрлігінің басшылығына сарбаздардың еңбегін бағалағаны үшін алғысын білдірді.

Ұлымды мақтан тұтамын. Балалар үшін де қуаныштымын. Әскери қызмет біздің ұлдарымызға өздерін дәлелдеуге және адамдарға көмектесуге мүмкіндік береді. Мен аналарға ұлдарын әрқашан қолдауға және оларға сенуге кеңес беремін. Марапат деген әрине жақсы, бірақ ең бастысы, біздің жігіттер ел үшін пайдалы іс жасады, - деп өз ойын ортаға салды.

Отырыстан кейін "Аналар жүрегі" сарбаз аналары комитеті" РҚБ өкілдері облыстық жинау пунктіне барып, шақыру науқанының барысымен танысты. Қазіргі уақытта әскерге шақырылушылар командасын Ақтөбе қаласының 30238 әскери бөліміне жіберуге дайындық жүріп жатыр.

Қоғам өкілдері әскерге шақырылушының әскери қызметке жарамдылығы туралы шешім қабылдайтын облыстық шақыру комиссиясының медициналық, жатын бөлмелерін, асханасын және мәжіліс кабинетін қарап шықты.

Жиын пунктіне барып әскерге шақырылушылардың азаматтық борышын орындауға психологиялық дайындығын тексерулеріне қызығушылық танытты. Олардың сұрақтарына Маңғыстау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті психологиялық қызметінің бастығы капитан Дүзелбай Жасұлан егжей-тегжейлі жауап берді. Ол сондай-ақ шақырылушының психологиялық жағдайын бағалау, оның жеке және кәсіби қасиеттерін зерделеу үшін пайдаланылатын "Ақ сұңқар" әмбебап психодиагностикалық кешенінің жұмысымен таныстырды.

Мұндай іс-шаралар сындарлы диалог құруға, жас сарбаздар мен олардың отбасыларын қолдауға бағытталған қоғамдық ұсыныстарды ескеруге оң ықпал етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға