Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері әлемдік рекорд орнатуға қатысты

Наурыз мейрамы күні Қазақ ұлттық киімін киген 5 мыңнан астам ақтаулық Каспий жағалауына "Қазақтың ұлттық киіміндегі ең көп адам" номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатуға жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бастаманы Ақтау өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері, оның ішінде әскери полиция басқармаларының қызметкерлері белсенді қолдады. Бұл шара еліміз үшін де, ақтаулықтар үшін де маңызды сәт болды. Іс-шара қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне деген құрмет пен бірлікті көрсетті.
Best Fest Nauryz атты іс-шараға 5 мыңнан астам адам жиналды. Олардың қатарында қала тұрғындары, түрлі сала қызметкерлері, түрлі этнос өкілдері, аға буын өкілдері бар. Біз, әскери қызметшілер де шет қалмадық. Қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттауға үлес қосқандардың бәріне алғысымды білдіремін, – деді Ақтау өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасы штабының офицері майор Бекболат Қойлыбаев.
Рекорд орнату рәсімі Каспий жағалауындағы арнайы дайындалған алаңда өтті. Қатысушыларды тіркеуді және санауды Ұлыбританиядан келген Гиннестің рекордтар кітабының ресми өкілдері жүргізді. Бұл үрдіс бірнеше сағатқа созылды. Сарапшылардың айтуынша, барлық талаптар орындалды.
Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін ұйымдастырушыларға Қазақстанның жаңа әлемдік рекордқа ие болғанын растайтын арнайы сертификат табыс етілді. Бұл жетістік халықаралық аренада қазақ мәдени дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болды. Бұл іс-шараға әскери қызметшілердің қатысуы олардың қоғамдық бастамаларды қолдаудағы және ұлттық бірегейлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.
