Ақтау балабақшасында тәрбиешінің баланы лақтырып жібергені видеоға түсіп қалды

Ақтаудағы балабақшалардың бірінде тәрбиешінің баланы лақтырып жіберген,деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ата-аналар 7 желтоқсанда балаларды ерте жастан дамыту орталығында бүлдіршіндердің соққыға жығылғанын айтты. Бейнебақылау камерасында тәрбиешініңң біреуі бір баланың қолынан ұстап, жастыққа лақтырып жібергенін көруге болады. Ата-аналардан полицияға ресми түрде арыз түскен.
Баланың денесінде зорлық-зомбылық белгілері анық байқалады, сонымен қатар орталықта қызметкердің баланы қалай ұрғанын анық көрсететін бейнекамера жазбасы бар. Баланың жасы небәрі бір жас жеті айлық. Осы факті бойынша қызметтік тексеру жүргізуді сұраймыз, — дейді ата-аналар.
Ақтау қалалық білім бөлімі аталған балабақша Ақтау қаласында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың тізіміне енбегенін мәлімдеді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Ақтау қалалық білім бөлімі құқық қорғау органдарына тексеру жүргізу туралы хат жолданғанын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
