Жаңалықтар

Ақтау әуежайында ауа райына байланысты ұшақтар кешігуде

Ақтау әуежайында ауа райына байланысты ұшақтар кешігуде
Фото: Ақтау халықаралық әуежайы 28.02.2025 01:31 163

Ақтау халықаралық әуежайында ауа райының күрт құбылуына байланысты бірнеше бағытта ұшақтар тоқталып, тағы бірнешеуі кейінге шегерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райынын қолайсыздығына байланысты Ақтау әуежайы жергілікті уақыт бойынша 28.02.2025ж.
сағат 08:00-ге дейін уақытша жабылганын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта 10 рейс кешіктіріліп, 3 рейс токтатылды. Әуежайдың ресми сайтында немесе анықтама бюросының 8 (7292) 609755 телефоны арқылы рейстеріңіздің мәртебесі туралы ақпаратты алдын ала нақтылауыңызды сұраймыз", - деп жазылған әуежайдың хабарламасында.

Белгілі болған ақпарат бойынша келесі рейстер кешігіп жатыр:
FS7278/7277 Ақтау-Атырау
DV731 Алматы-Ақтау
FS7625 Ақтау-Стамбул
FS7276 Ақтау-Атырау
DV780 Көкшетау-Ақтау
FS7375 Ақтау-Астана
FS7175 Ақтау-Алматы
КС859 Алматы-Ақтау
DV1774 Астана-Ақтау
J28215 Баку-Ақтау.

Сондай-ақ, келесі рейстер токталған:
DV709/742 Шымкент-Ақтау-Астана
DV741/710 Астана-Ақтау-Шымкент
DV842 Ақтау-Тбилиси. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға