Жаңалықтар

Ақтау әуежайынан адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды

Ақтау әуежайынан адамдар шұғыл түрде эвакуацияланды
28.11.2022 05:27 1447

Әуежайға бомба орнатылғаны туралы хабар түсіп, адамдар ғимараттан шығарылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен саперлар жіберілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Көлік басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар эвакуацияланып, әуежайда жарылғыш заттың бар-жоғы тексерілді.

Тексеру барысында ғимараттан ешқандай жарылғыш зат немесе бомба табылмады. Қазіргі уақытты Ақтау әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Көлік полициясының жедел қызметі жалған хабар берген белгісіз тұлғаның кім екенін анықтап. Құқық бұзушының жеке басы анықталған соң жауапкершілікке тартылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға