Жаңалықтар

Ақтау әкімі жылусыз қалған тұрғындардан кешірім сұрады

Ақтау әкімі жылусыз қалған тұрғындардан кешірім сұрады
Фото: Видеодан алынған кадр 10.12.2023 14:39 922

Ақтауда магистралдық құбырдан ақау шығып, шағын ауданда жылу беру уақытша шектелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, ақауды мамандар жөндеуде.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарлағандай, бірнеше шағын аудандарды жылумен қамтитын магистральдық жылу құбырында апаттық жағдай болып, жылу беру уақытша шектелген болатын. Қала әкімі апат болған жерге барып, жағдайды бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Жоғары шағын аудандарды жылумен қамтитын магистралдық 800-дік құбырда ақау шықты. Коммуналдық қызметтер осында келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жағдай менің бақылауымда, - деді қала әкімі Ұлықбек Тналиев.

Қала әкімі видеода ақау кеткен жерді көрсетіп, уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады. Коммуналдық мамандар ақауды кешке дейін жөндеп, қалыпқа келтіруді жоспарлап отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға