Жаңалықтар

Ақсуда тоқ соққан қыздың жағдайы ауыр

Ақсуда тоқ соққан қыздың жағдайы ауыр
Фото: El.kz / Артем Чурсинов 04.06.2023 00:34 1013

Бала жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы @Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, балаға барлық қажетті емдеу-диагностикалық шаралары жүргізілді.

- 3 жас 9 айлық баланы жедел медициналық жәрдем бригадасы 3 маусым күні сағат 15:53-те оқиға орнынан Ақсу қалалық ауруханасына жеткізді. Қыз баланы субұрқақта шомылып жүрген кезінде электр тоғы соққан. Бала ес-түссіз. Жағдайы ауыр, - делінген хабарламада. 

Жағдайдың ауырлығына байланысты реанимация бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі бойынша облыстық мамандармен кеңес өткізілді. Қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі жағдайында бақылау және емдеу жалғасуда.

Еске сала кетейік, 2019 жылы дүниеге келген қыз электр жарақаттарын алған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға