Ақсу зауытындағы төтенше жағдай кезінде өрт сөндіруші зардап шекті

Зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр. Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аккумулятордың №15 белгісінде жабдықтар мен сорғы майы шамамен 50 шаршы метр алаңда жанған.
Жоғары температураның әсерінен төбе қаптамасы құлады. Салдарынан өрт сөндіруші зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды, жағдайы орташа ауыр деп бағаланады, – деді департаментте.
«Қазхром» ТҰК АҚ АФЗ аумағындағы №4 балқыту цехында №41 пештің жанындағы трансформатор ашық жалынмен жанды. Өрт кезінде көбікті өрт сөндірудің автоматты қондырғысы іске қосылған. Екінші трансформатордың жануы тоқтатылған, трансформаторлық шахталардағы №15 белгіде электр сымдары жануда.
Оқиға орнында ТЖД-ның 53 қызметкері мен 13 техника жұмыс істеуде.
