Ақша жымқырудың жаңа тәсілі: Балабақшалар көкөністерді 3 есе қымбатқа сатып алған

Балабақшалар мен әлеуметтік мекемелерге арналған көкөністер жоғары бағамен жеткізілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл фактілерді Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері еліміздің екі облысында анықтады.
Мәселен, ШҚО-да «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы» КММ 1 кг сәбізді 325 теңгеден, ал қырыққабатты 380 теңгеден жеткізген.ҚМА өңірлік Департаментінің араласуынан кейін жеткізу тізбегінен делдал алынып тасталды, ал көкөністердің бағасы 2 еседен астам бағаға төмендетілді (сәбіз 120 теңгеге дейін, қырыққабат 180 теңгеге дейін), - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, СҚО-да жеке кәсіпкер аудандық балабақшаларға көкөніс сататын 50 млн теңгеден астам сомаға бизнес ұйымдастырған.
Картоп бір кг үшін 250 теңгеден жеткізілген, ал оның сауда нүктелеріне сату бағасы 43%-ға арзан болған (141 теңгеден).
Бұл келесі жылы СҚО-да азық-түлік сатып алуда шамамен 22 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның көтерілуіне жол бермеу бойынша алдын алу шаралары шеңберінде алдағы жылға арналған шарттар қайта қаралды.
Әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасының 15% аспауы керек екенін еске саламыз.
