АҚШ Украинаға көрсетілетін әскери көмекті тоқтатты

Фото: Reuters / Фото: shutterstock
Фото: Reuters / Фото: shutterstock
04.03.2025 09:55
277
Америка Құрама Штаттары Ақ үйде Дональд Трамп пен Владимир Зеленский арасындағы даудан соң Украинаға көрсетілетін әскери көмекті уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Reutersтің мәліметінше, АҚШ көрсетілетін көмекті тоқтатып, оны қайта қарастырмақ, сол арқылы мәселенің шешілуіне қаншалықты әсер етіп жатқанын білгісі келеді.
Үзіліс Трамп елдердің көшбасшылары бейбітшілік орнатуға ынталы екеніне көз жеткізгенше созылады, - делінген басылымда.
Bloomberg Украинаға жеткізілген және жолда бара жатқан қару-жарақ тоқтатылғанын жазды.
Бұл уақытша үзіліс, — деп жазды Fox News.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Криптовалюта бағасы күрт өсті