АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі зейнетке шықты
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 20 қаңтардан бастап орнын босатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елшінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, Қазақстан халқына алғыс айтты.
Құрметті, Қазақстан халқы! Менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаменті 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды, – дейді Дэниел Розенблюм.
Розенблюм Қазақстанның 17 өңірін аралап шыққанын айтты. Қаншама кәсіп иелерімен, мамандармен, сарапшылармен кездескенін, қайда барса да қонақжайлық көргенін жеткізіп, бәріне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Розенблюм бұл қызметке 2022 жылғы 28 қазанда кіріскен.