Жаңалықтар

АҚШ-тың Огайо штатында екі жасар сәби жүкті анасын атып тастады

АҚШ-тың Огайо штатында екі жасар сәби жүкті анасын атып тастады
Фото: orangesmile.com 23.06.2023 14:48 1169

АҚШ-тың Огайо штатында екі жасар бала жүктіліктің сегізінші айындағы анасын атып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

NBC News-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға өткен аптада Норуолк қаласында болған, бірақ ол туралы енді ғана белгілі болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, 31 жастағы Лора Илг 911 нөміріне қоңырау шалып, диспетчерге жүктіліктің 33 аптасында екенін және екі жасар ұлы арқасына оқ атқанын хабарлаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері оның алғашқы қоңырауынан үш минут өткен соң 13:14-те жеткен. Анасы да, екі жасар ұлы да жоғарғы қабаттағы жатын бөлмеден табылады. Тапанша да сонда болған. Анасының өтініші бойынша ұлы бөлмеден шығарылған.

Жүкті әйел Фишер Титус медициналық орталығына жеткізіліп, шұғыл түрде кесарь тілігі жасалды. Лораның іштегі баласы 911 қызметіне қоңырау шалғаннан кейін бір сағатқа жетпей қайтыс болғаны анықталды, ал әйелдің өзі сағат 17:10-да көз жұмды.

Ұлы анасын SIG Sauer P365 тапаншасымен атқан. Илг пен оның күйеуі мылтық жатын бөлмедегі тумбочкада сақталғанын айтты. Полицияның хабарлауынша, үйде тағы 12 калибрлі шолақ мылтық пен пневматикалық тапанша болған.

Ешқандай айып тағылған жоқ. Полиция тергеу нәтижесі жергілікті прокуратураға берілетінін мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға