АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болды
![АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болды АҚШ-та жойқын жер сілкінісі болды](/storage/storage/element/2024/12/06/mainphoto/132830/1200xauto_BUwTX6phAF17hnaAz8x8waFBjZ5etcJHl06gdVXM.png)
АҚШ-тың Калифорния штатында күшті жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің мәліметінше, оның эпицентрі Атлант мұхитында, Петролия қаласынан 63 шақырым батысқа қарай орналасқан. Солтүстік Калифорнияда магнитудасы 7,3 болатын жойқын жер сілкінісі болды, билік цунами туралы ескерту жариялады.
АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері таңғы сағат 10:44-те Орегонмен шекараға жақын орналасқан Гумбольдт округінің жағалауындағы Ферндейл шағын қаласынан батысқа қарай тіркелген.
Дүмпулер Сан-Францискоға дейін сезілді, мұнда тұрғындар бірнеше секунд бойы тербелістерді байқады.
Сан-Франциско мен Окленд арасындағы суасты туннелі арқылы жүретін BART жылдам жүрдек электр пойыздары барлық бағытта қозғалысын тоқтатты.
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)