Жаңалықтар

АҚШ-та жеті адам көлік астында қалып көз жұмды

АҚШ-та жеті адам көлік астында қалып көз жұмды
Фото: Twitter / anuibi 08.05.2023 08:19 1092

АҚШ-тың Техас штатына қарасты Браунсвилл қаласында жеті адам көлік астында қалып көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ABC мәліметінше, оқиға үйсіздерге көмек көрсету орталығының маңында болған.

Құқық қорғау органдары тағы алты адам әртүрлі дене жарақатын алғанын растады. Жаяу жүргіншілерді қаққан көлік жүргізушісі ұсталған, оның алкоголь немесе есірткі заттарын қолданғаны тексеріліп жатыр.

Тергеушілер оның мұндай әрекетке не себепті барғанын әлі айтқан жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға