Жаңалықтар

АҚШ-та торнадодан қаза тапқандар саны 34-ке жетті

АҚШ-та торнадодан қаза тапқандар саны 34-ке жетті
Фото: Pixabay.com 17.03.2025 16:06 146

Елдің орталық және оңтүстік аймақтарын әбігерге салған жойқын торнадодан 34 адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, ең көп зардап шеккен аймақ – Миссури штатында 12 адам көз жұмды.

Желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетіп, 26 торнадо тіркелді. Арканзас, Иллинойс, Миссисипи және Миссури штаттарында мыңдаған үй қирап, 100-ден астам орман өрті тіркелді.

Метеорологтардың болжамы да көңіл көншітпейді, олар қауіп әлі де сейілмегенін, тіпті жаңа торнадолардың пайда болуы мүмкін екенін ескертті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға