Жаңалықтар

АҚШ-та тікұшақ апатынан үш адам көз жұмды

АҚШ-та тікұшақ апатынан үш адам көз жұмды
Фото: © Pixabay.com 09.03.2024 10:52 642

АҚШ-тың Техас штатында шекараны бақылау тікұшағының апатынан қайтыс болғандар саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жедел штабқа сілтеме жасай отырып ABC News мәлімдеді.

АҚШ пен Мексика шекарасына жақын жерде тікұшақ апатқа ұшырап, үш адам қайтыс болды және тағы біреуі ауруханаға жеткізілді, — делінген мәліметте.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға