Жаңалықтар

АҚШ-та Олимпиада ойындарының чемпионы 32 жасында көз жұмды

АҚШ-та Олимпиада ойындарының чемпионы 32 жасында көз жұмды
Фото: ©AP/Alastair GRANT 04.05.2023 10:00 840

Спортшының ресми өкілдері бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортшының неден көз жұмғаны айтылған жоқ.

Тори Боуи ұзындыққа секіру, 100 метрге және 200 метрге жүгіруде өнер көрсетіп, Олимпиада ойындарының үш дүркін жүлдегері атанды.

2016 жылғы Рио-де-Жанейро олимпиадасында Тори командамен бірге эстафеталық жарыста алтын медаль алды. Одан бөлек 100 метрге жүгіруде күміс медаль алса, 200 метрге жүгіруде қола медаль еншіледі.

Ал 2017 жылы Тори Боуи Лондонда өткен әлем чемпионатында эстафета мен 100 метрлік қашықтықта топ жарды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға