АҚШ-та Хабиб Нұрмағамбетов ұшақтан түсірілді
АҚШ-та бұрынғы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен бортсерік арасындағы жанжал салдарынан спортшы рейстен түсірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Essentially Sports басылымының мәліметінше, оқиға American Airlines әуе компаниясының ұшағы ұшуға дайындалып жатқан сәтте болған.
Бортсерік Нурмагомедовке апаттық шығу есігі маңындағы орыннан басқа жерге ауысуын сұраған, алайда спортшы бұл өтінішті орындаудан бас тартқан. Осыдан кейін әуе компаниясының қызметкері шақырылып, ақырында Хабиб рейстен шығарылған.
Әлеуметтік желіде таралған видеода бортсерік Нурмагомедовке апаттық шығу есігі жанында отыруға рұқсат берілмейтінін түсіндіріп, егер ол талапқа бағынбаса, рейстен түсірілетінін ескерткені көрінеді.
Бұл әділетсіздік. Мен орын ауыстыра алмаймын, – деп жауап берген спортшы.