АҚШ-та әйел адамның дене мүшелерін қорапқа салып сатқан
Фото: © iStock
Фото: © iStock
03.05.2023 10:29
968
АҚШ-та әйел медициналық мекемеден ұрланған адам денесінің бөліктерін сатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
National Public Radio хабарлауынша, 36 жастағы Кэндейс Чапман Скотт медициналық қалдықтарды кремациялау қызметтерін ұсынатын компанияда жұмыс істеген.
Әйел қосымша табыс табуды көздеп, адамның дене мүшелерін үйіне алып кетіп отырған. Осындай бөліктер салынған 20-дан астам қорапты ол әлеуметтік желілер арқылы сатқан.
Сатып алушылардың бірі бальзамдалған ми үшін 1,2 мың доллар төлеген. Сонымен қатар ол құлақ, қол, өкпе, бауыр, бүйрек, сүт бездері, тері, бас сүйек және адамның басын да сатып алған.
Осылайша «саудагер» 9 айда ол 11 мың доллар табыс тапқан.
Полиция әйелді де, сатып алушыны да ұстады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға