Жаңалықтар

АҚШ-та атыс: қаскөй жалғыз жүріп 22 адамды қырып салды

АҚШ-та атыс: қаскөй жалғыз жүріп 22 адамды қырып салды
Фото: Fox News/видеодан алынған кадр 26.10.2023 09:12 1569

АҚШ-тың Мэн штатында атыс болып, салдарынан 22 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Льюстон қаласында болған. Белгісіз біреу оқ жаудырып, 22 адам көз жұмса, тағы 50 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.

Fox News мәліметінше, атыс үш жерде — барда, боулинг-орталықта және Walmart дүкенінде болған.

Телеарна күдіктінің қолға түскенін хабарлады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға