АҚШ-та алапат құйыннан жеті адам қайтыс болды

Фото: ©El.kz
Фото: ©El.kz
27.05.2024 07:19
648
АҚШ-тың Техас штатының солтүстігінде алапат құйын кем дегенде жеті адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Fox 4 мәліметінше, ондаған адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алған.
Негізінен Вэлли-Вью шаһарында зардап шеккендер көп.
Кем дегенде жеті адам, оның ішінде екі бала көз жұмды, ондаған адам жарақат алды. Билік құрбандар саны әлі артады деп қауіптеніп отыр, - делінген телеарна мәліметінде.
Алапат құйын жанармай құю бекетін толықтай жойып жіберген, сол маңдағы дүкенде 80-ге жуық көлік жүргізушісі болған. Жергілікті шериф олардың арасында зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеме жасады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Тауда жарақат алған жасөспірім құтқарылды
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді