АҚШ президенті 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасамақ

АҚШ президенті Дональд Трамп 4 наурызда маңызды мәлімдеме жасамақ. Бұл туралы ол Truth Social желі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ертеңгі кеш маңызды болады. Мен бәрін ашық айтамын! – деп жазды ол.
Rbc.ru баслымының мәліметінше, Дональд Трамптың маңызды мәлімдемесі нақты қандай тақырыпта болатынын ашып айтқан жоқ. Бұған дейін ол Украинадағы қақтығысты реттеудегі рөлі туралы жазба жариялап, өзінің президенттік мерзімінде Ресейге Украина жерінің бірде-бір бөлігін бермегенін мәлімдеген.
Украина жерінің бір бөлігін де Ресейге бермеген жалғыз президент – Дональд Трамп. Мұны есте сақтаңыздар! Әлсіз және тиімсіз демократтар мен жалған ақпарат тарататын БАҚ не айтса да, бұл – шындық! – деп жазды АҚШ президенті.
