АҚШ мемлекеттік хатшысы Украина мен Ресей келісімі жақын арада жасалуы тиіс екенін мәлімдеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісім ең жақын арада жасалуы тиіс екенін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ВВС-дің жазуынша, Марко Рубио Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келісім ең жақын уақытта жасалуы тиіс екенін тағы да атады. Егер бұл орындалмаса, Вашингтон келіссөздер процесінен шығатынын айтты. Оның сөзінше, АҚШ бұл мәселеге қатысты шешімді бір апта ішінде қабылдайды.
Ал осы уақытта Рубионың ресейлік әріптесі, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров тағы да бітім шарттарын ұсынды және келіссөздердегі асығыстықтың тек кедергі келтіретінін жеткізді.
Бұл өте жылдам жүзеге асуы керек. Егер нәтиже болмаса, біз бұған әрі қарай уақыт пен ресурс жұмсай алмаймыз», — деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің басшысы жексенбі күні NBC телеарнасының «Meet the Press» бағдарламасына берген сұхбатында. — «Бұл апта өте маңызды болады, біз осы апта ішінде осы бастамаға әрі қарай қатысамыз ба, әлде басқа мәселелерге назар аударамыз ба – осыған қатысты шешім қабылдауымыз керек, - деді ол.
Рубио бұған дейін де бірнеше рет, егер бейбіт нәтижеге қол жеткізілмесе, АҚШ Украинада бейбітшілік орнату әрекеттерінен бас тартатынын ескерткен болатын.
Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп та айтқан. Президент қызметіне екінші рет сайланбас бұрын ол Украинадағы соғысты «бір тәулік ішінде» тоқтатуға уәде берген еді. Алайда кейіннен жаңа америкалық әкімшілік өкілдері бұл мәселені Трамптың алғашқы президенттік мерзімінің 100 күні аяқталғанға дейін шешуді жоспарлайтынын мәлімдеді. Енді бұл мерзім 30 сәуірге сәйкес келеді.
