АҚШ Иранға қарсы әскери күш қолдануы мүмкін

Фото: The Hindu
Фото: The Hindu
10.04.2025 10:08
312
Әлемдік сауда соғысынан бөлек, қазір Иран мен АҚШ арасындағы текетірес күн санап ушығып барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Вашингтон Тегеранға қарсы күш қолдануы мүмкін. Ақ үй басшысы Дональд Трамп бұл туралы журналистерге берген сұхбатында ашық айтты. Ол қайткенмен де Иранға ядролық қаруды иемденуге жол бермейтінін жеткізді. Қажет болса, әскери күшке жүгінетінін де жасырмады.
Бұл ретте жетекшілік рөл Израильге беріледі. Трамп Иранға қарсы әрекеттерін алғашқы президенттік мандатында бастаған. Ол Ислам Республикасына бірқатар санкциялар салып, ядролық бағдарламаны қабылдауға тосқауыл болған. Қазір қос тарап өзара келісім жасауға оқталуда. Екі ел билігі жақын арада Оманда бас қосуы тиіс.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жаңа бизнес бастамаларға 9 мың грант беріледі