Жаңалықтар

Аққуды апта. Қарағандылық тәртіп сақшылар браконьерді қолға түсірді

Аққуды апта. Қарағандылық тәртіп сақшылар браконьерді қолға түсірді
Фото: polisia.kz 18.10.2023 12:44 759

Қарағандылық полицейлер аққуды атқан браконьерді қолға түсірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облыстық полиция департаменті табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлеріне Шет ауданынан Қарағанды қаласына бағыт алған жол талғамайтын көлік иесі Қызыл кітапқа енген құсты атып өлтірді деген ақпарат түсті. Полиция қызметкерлерімен бірден аталған көлікті анықтау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Заңсыз құс атып алды деген көлікті тәртіп сақшылары қалаға кіре берісте байқады. Кейін патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдікті көлікті артынан аңдып отырып, Нұркен Әбдіров көшесімен Гоголь көшесінің қиылысында 31 жастағы азаматтың басқаруында ұстады.

Полиция қызметкерлерімен көлікке жүргізілген тексеріс барысында жүк салғыш бөлігінен аққудың өлексесі тәркіленді. Көлік жүргізушісі аққуды шет ауданында атып алғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабына (Заңсыз аңшылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Шығын көлемі анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға