Жаңалықтар

Ақпараттық талдау орталығына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі

Ашық НҚА порталында Үкімет қаулысының жобасы жарияланды
Ақпараттық талдау орталығына Ахмет Байтұрсынұлының есімі беріледі
Фото: gov.kz 22.11.2022 12:49 1649

Қазақстандағы білім беру саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысатын "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ атауын өзгерту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құжатта Ақпараттық талдау орталығының қазіргі таңда "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінің көрсеткіштері негізінде білім беру саласындағы зерттеу қызметімен айналысады, талдау жұмыстарын жүргізеді және Білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндаманы әзірлейтіні жазылған. Орталық сонымен қатар Қазақстанда білім сапасын бағалаудың халықаралық салыстырмалы зерттеулеріне (PISA, PBTS, TALIS, TIMSS, ICILS, PIRLS) қатысуы арқылы білім сапасын бағалауды жүзеге асырады.

"Осыған байланысты орталықтың қызметін өз атауында көрсету мақсатында, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ағарту ісіндегі тарихи рөлін ескере отырып, орталық атауын "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы деп өзгерту ұсынылады" делінген қаулы жобасында.

Қаулы жобасы 5 желтоқсанға дейін қоғам талқылауында болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға