Жаңалықтар

Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі – саясаттанушы

Қазбек Майгелдинов алдымен ақпараттық доктринанының маңызы жайлы айтты
Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі – саясаттанушы
Фото: mail.kz 21.12.2022 16:18 2024

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасы» бекітіледі. Бұған қатысты ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Қазіргі таңда ақпараттық доктрина Президенттің Жарлығына қол қоюға ұсынылды. Ақпараттық доктрина – ақпараттық қауіпсіздік мәселесі. Ол әсіресе ақпараттық концепцияға сай жаңартылуы керек. Әлеуметтік желілер, дәстүрлі медианың, интернет-БАҚ-тың артта қалуы, көкейкестілігінің азаюы нәтижесінде бүгінде киберқауіпсіздік мәселесіне келгенде көптеген мәселеге келіп тірелеміз. Мысал ретінде фейк ақпараттардың таралуы, ақпараттық шабуылдарды жатқызуға болады. Осының барлығына төтеп беру үшін бізге нақты бағыт-бағдар қажет», – деді саясаттанушы.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі ақпараттық саясаттың қамтуы тиіс бірқатар мәселеге тоқталды.

«Ақпараттық саясат бірнеше мәселені қамтуы керек. Біріншісі, жеке мәліметтерді қорғау. Екіншісі, әлеуметтік желілердегі өшпенділік пен тіл мәселесі. Ол көбіне еліміздегі ұлтаралық қақтығыстың кесірінен ушығып кетіп жатады. Үшіншісі, қазақстандық ақпараттық кеңестіктің әлемдік ақпараттық кеңістікпен сәйкес дамуының бағыт-бағдары. Аталған мәселелер негізінде міндет пен мақсаттар іске асырылатын болады. Алдағы уақытта еліміздегі киберқауіпсіздік, ақпараттық саясаттың даму бағыты көзделеді», – деді Қазбек Майгелдинов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға