Жаңалықтар

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
Фото: t.me/KZgovernment 06.01.2023 12:37 891

Александр Данилов  Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.

2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды.

2022 жылы қаңтар айында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға