Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттамақ
![Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттамақ Ақпан айынан бастап электр энергиясы қымбаттамақ](/storage/storage/element/2025/01/09/mainphoto/137217/1200xauto_8BfEkpKtEnhuDmTRSIz4ueWaS0ybfTI3pjpkfGZ4.jpg)
Фото: © Freepik.com
Фото: © Freepik.com
09.01.2025 17:15
442
Қазақстанның 36 энергия өндіруші ұйымы электр энергиясының шекті тарифтерін түзетуге өтінім берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сондай-ақ үш жаңа компания энергия өндіруші ұйымдар тізіміне кіру үшін жаңа тариф енгізуді ұсынған. Осылайша Энергетика министрлігі шекті тарифтерді көтеру бойынша бұйрық әзірледі.
Яғни, бірыңғай сатып алушы үшін электр энергиясының құны кВт/сағатына шамамен 2 теңгеге өсуі мүмкін.
Оны 22 қаңтарға дейін талқылау үшін «Ашық НҚА» порталына жариялады.
Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат - мамандардың жалақысын арттыру. Сондай-ақ энергетика саласындағы кадр тапшылығы мен жанармай бағасының өсуі себеп болған.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)