Ақордада Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
31.03.2025 11:37
365
«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Бұдан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, Қазақстан мен Словенияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Бөлісу:
