Жаңалықтар

Ақордада Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығын салтанатты түрде ашу рәсімі өтті

Ақордада Қазақстанның Бейжіңдегі мәдени орталығын салтанатты түрде ашу рәсімі өтті
Фото: Ақорда 03.07.2024 12:42 555

Ақордада Қазақстанның Бейжің қаласындағы мәдени орталығын және Қытай Халық Республикасының Астана қаласындағы мәдени орталығын салтанатты түрде ашу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсім басында екі елдің басшыларына Бейжің тіл және мәдениет университеті туралы арнайы бейнеролик таныстырылды. 

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және ҚХР мәдениет және туризм министрі Сунь Ели екі елдің басшыларынан мәдени орталықтарды салтанатты ашуға рұқсат сұрады.  

Екі елдің басшылары мәдени орталықтардың ашылуына рұқсатын берді.

Бұған дейін Қытайда Қазақстанның мәдени орталығы ашылатынын туралы жазғанбыз. 

Айта кетейік, 5 маусым күні Мәжіліс 2023 жылы 27 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан мен Қытай Үкіметтері арасындағы тең негізде мәдени орталық ашу туралы келісімді ратификациялады. Бұл қадам екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға және мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға