Ақорда Ресейде талқыланған «үштік газ одағын» құру мәселесін түсіндірді
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
29.11.2022 12:06
956
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
"Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін "үштік газ одағын" құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүдделерін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Мәскеуге ресми сарапмен барып, Қазақстан мен Ресейдің ХVIII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысқан болатын.
Өңіраралық форумында 18 құжатқа қол қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасы бекітілді
Келесі жаңалық
Астанада Қарулы күштердің бас шыршасы жағылды