Ақмолалық құтқарушылар қылқан жапырақты 100 көшет отырғызды

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
19.04.2025 14:27
152
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шараға ТЖД қызметкерлері ғана емес, олардың отбасылары да қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл акция биыл алғаш рет өткізіліп отыр және көптеген басқа да осындай іс-шараларға бастау болады. Оның аясында облыс бөлімдерінің аумағында жасыл желектер отырғызылуда.
Мұндай іс-шаралар құтқарушылар үшін дәстүрге айналды. Бұл жолы 100 қарағай көшеті отырғызылды. Құтқарушылардың көпшілігі балаларымен келіп, 1- МӨСБ мен 2-МӨСБ аумағына ағаш отырғызды.
Жұмысқа барлық департамент қызметкерлері қатысты. Құтқарушылар бұл акцияның туған өлкенің экологиясына тиімді инвестиция екеніне және сол себепті тұрақты түрде өткізілетініне сенімді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
20 сәуірде Алматыда қоғамдық көлік бағыттары уақытша өзгереді
Келесі жаңалық
Баласы үшін 100-ден астам ата-ана жауапкершілікке тартылды