Ақмолалық ата-ана жаңа туған сәбиге құтқарушының есімін берді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
24.01.2024 20:28
984
Ақмола облысында көпбалалы ата-ана отбасындағы жетінші перзентке құтқарушының есімін берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
10 қаңтарда Ерейментау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Амангелді Доскенов боранды күні анасы мен ұлын құтқарған. Ол кезде әйел жүктіліктің 35-ші аптасында болған.
22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған екен.
«Отбасының нағыз мүшесі ретінде бала біздің батырымыздың қолына берілді. Сәбиге өзінің құтқарушысы - Амангелді есімі қойылды» делінген облыстық ТЖД мәліметінде.
Жарық дүние есігін ашқан нәресте отбасындағы жетінші бала.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға