Ақмоладағы құс фабрикасында өрт шықты
![Ақмоладағы құс фабрикасында өрт шықты Ақмоладағы құс фабрикасында өрт шықты](/storage/storage/element/2025/01/08/mainphoto/137106/1200xauto_1JJ9nYuNwZ8LSIOX8v5DTr7SMOcGKq19k1h1sN5Q.jpg)
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
09.01.2025 01:32
453
Ақмола облысы Макинск қаласындағы құс фабрикасында өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, фабриканың бройлер алаңында от тұтанып, оның артынан төсеніш материал жанған.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, төтеншеліктердің жедел әрекетінің арқасында жалын сөндірілді.
Ешқандай құс зардап шеккен жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы тоқтаусыз жалғасуда
Келесі жаңалық
Былтыр елімізде қанша сәби дүниеге келген