Ақмолада жеке тұрғын үй өртенді

Фото: Ақмола облыстық ТЖД
Фото: Ақмола облыстық ТЖД
12.05.2024 00:15
1369
Ақмола облысының Целиноград ауданы Талапкер ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Оқиға 11 мамыр сағат 22.48-де Талапкерская көшесінде болған. Өрт алаңы - 160 шаршы метр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дереу Ақмола облысы ТЖД жеке құрамынан 3 құтқарушы, 1 техника және Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 8 құтқарушы мен 2 техникасы жеткен.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекет етуінің арқасында қызыл жалынның таралуы жол берілмеді. Өрт сағат 23.30-де оқшауланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталуда.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы