Жаңалықтар

Ақмолада үй ауласында тұрған көлік өртеніп кетті

Ақмолада үй ауласында тұрған көлік өртеніп кетті
Фото: Видеодан кадр 30.06.2024 09:28 431

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Бауманская ауылында жеңіл көлік өртенді. Оқиға 30 маусым күні сағат түнгі 00.12-де болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ТЖД мәліметінше, тұрғын үй ауласында тұрған көлік пен гараж өртенген. Қызыл жалын шаруашылық құрылыс нысанына өткен. Өрт шарпыған аумақ - 70 шаршы метр. 

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде сөндіріп үлгерген. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға