Жаңалықтар

Ақмолада төрт жасар баланың ішегіне 39 магниттік шар тұрып қалған

Ақмолада төрт жасар баланың ішегіне 39 магниттік шар тұрып қалған
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 08.01.2025 05:35 324

Ақмола облыстық балалар ауруханасының балалар хирургтары төрт жасар баланың ішегінен 39 магниттік шарды алып шығып, бүлдіршіннің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 қаңтарда науқас шұғыл түрде Зерендіден балалар ауруханасына жеткізілген. Жағдайы күрт нашарлаған баланың іші қатты ауырсынып, қайта-қайта лоқсығарн. Рентген аппаратымен   тексеру кезінде науқастың ішегінен көптеген бөгде заттар анықталған.

Балалар хирургы Сәлімжан Жақыповтың айтуынша, операция шамамен бес сағатқа созылған.

Баланың тоқ ішегі мен аш ішегі зақымдалып, перфорация мен перитонит тудыратын 39 магниттік шарик болды. Бөгде заттарды алып тастау және оның салдарын жою ауыр зақымдануға байланысты күрделене түсті,-деді дәрігер.

Операцияны хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Ернар Қожабеков жүргізіп, оған тәжірибелі мамандар көмек көрсеткен. Дәрігерлердің біліктілігі мен уақытылы араласуының арқасында баланың өмірі сақталып қалды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға