Ақмолада соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден беріледі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
26.01.2025 03:19
508
Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 миллион теңгеден алады. Бұл туралы әкімдіктегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биыл Ақмола облысында Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай ардагерлерге төленетін төлемдердің мөлшері артты.
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден беріледі. Қазіргі таңда облыста 5 соғыс ардагері тұрады,-делінген мәліметте.
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, сонымен қатар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға да төлемдер қарастырылған. Олар 30 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін төлем алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға