Ақмолада қараусыз қалған полигоннан артиллериялық снарядтар табылды
Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
26.06.2023 22:41
945
Ақмола полицейлері Ерейментау қаласындағы қараусыз қалған полигоннан артиллериялық снарядтың табылу фактісі бойынша тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған ерекше затты аудан орталығының тұрғындары Ерейментау қаласының шетіндегі қараусыз қалған қоқыс полигонының аумағында металл жинау кезінде тапқан. Снарядты көрген ақмолалықтар дереу құқық қорғау органдарына хабарласқан.
ПД техниктерінің бастапқы тексеру қорытындысына сәйкес, бұл зат коррозиямен толық тот басқан 125 мм фугасты снаряд екені анықталды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында табылған қару сол жерде жойылды жән оның сынықтары сараптамаға жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ҰҚК есірткіні контрабандалық жолмен кіргізудің жолын кесті
Келесі жаңалық
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды