Жаңалықтар

Ақмолада ішімдікке сылқия тойған тұрғын 500 мың теңгенің ағашын сындырды

Ақмолада ішімдікке сылқия тойған тұрғын 500 мың теңгенің ағашын сындырды
Фото: © Polisia.kz 31.05.2023 20:30 751

Ақмола облысында мас адам көктемде отырғызылған қарағай көшеттерін сындырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер ведомствосы таратқан мәліметке сәйкес, оқиға Аршалы ауданында орын алған.

Аршалы аудандық полиция бөліміне аудан әкімінің елдімекен аумағында көктемде отырғызылған қарағайдың жаңа көшеттерінің зақымдануы туралы арызы келіп түсті. Залал сомасы 425 мың теңгені құрады. Күдікті анықталды. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. 30 мамыр күні мас күйінде жас жігіт көшеттердің бірін жұлып алып, қалған төртеуін зақымдап, бұтақтарын сындырғаны белгілі болды, - делінген хабарламада.

ҚР ҚК 293-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға