Жаңалықтар

Ақмолада хоккей корты мен спорт алаңдары салынады

Ақмолада хоккей корты мен спорт алаңдары салынады
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 19.02.2025 02:26 502

Ақмола облысындағы Сандықтау ауданында спорт саласы қарқынды дамуда. Оқу орындарында спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту жұмыстары жалғасуда, сондай-ақ жаңа спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, аудан халқының жартысына жуығы жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Өткен жылдың өзінде ауданнан спорт шебері, 15 спорт шеберіне үміткер, бірінші разрядты 5 спортшы және 95 бұқаралық разрядты спортшылар шықты.

Облыстық бюджеттен Балкашинодағы шаңғы-роллер трассасының күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Сондай-ақ көпфункционалды спорт алаңдарын орнату және жабық хоккей кортының құрылысына бюджеттік өтінімдер берілді, – деді Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сауле Жайылғанова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауданда «Болашақ» спорт-сауықтыру кешені жұмыс істейді. Онда футзал, жүзу, қолмен күрес, айкидо, волейбол, баскетбол және фитнес жаттығулары бойынша спорттық секциялар өткізіледі. Ал халықты жүйелі түрде дене шынықтыру және спортқа тартумен айналысатын негізгі спорт ұйымы – Сандықтау мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Бұл мектепте 760 оқушы 8 спорт түрімен айналысады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға