Жаңалықтар

Ақмолада алдағы су тасқынына дайындық туралы кеңес өтті

Ақмолада алдағы су тасқынына дайындық туралы кеңес өтті
Фото: Ақмола облыстық ТЖД 21.09.2024 05:23 486

Ақмола облысының прокуроры Руфат Кұттықовтың төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кезекті үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, жиында су бұру арналары, су өткізу құрылыстары, өзен арналарын тазалау, жағалауды нығайту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері талқыланды.

Облыс прокуроры өңірдегі 90 гидротехникалық құрылыстың 34-і немесе 38%-ы қанағаттанарлықсыз және апаттық жағдайда екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бекітілген кешенді жоспарға сәйкес көктемгі су тасқындарына дайындықтың маңыздылығын қатаң ескертті.

Жоспарға сәйкес анықталған гидротехникалық құрылыстарды тексеру, жөндеу және тиісті жағдайларда ұстау түріндегі шаралар міндетті түрде мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс, - деді Руфат Кұттықов.

Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті органдарға су тасқындарын қауіпсіз өткізуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға