Жаңалықтар

Ақмолада алаақтарға сеніп қалған ауыл тұрғыны 14 млн теңге несие алған

Ақмолада алаақтарға сеніп қалған ауыл тұрғыны 14 млн теңге несие алған
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 11.10.2024 23:14 86

Ақмола облысының тұрғыны 14 млн теңгеден астам несие алып, оны алаяқтарға аударған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Полицияға 57 жастағы жергілікті тұрғын арызданған. Әйел адамы алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бірнеше банктен несие алуға, содан кейін қолма-қол ақшаны белгісіз шотқа аударуға мәжбүр болғанын айтқан.

Іс жүргізу барысында жәбірленушіге белгісіз адам қоңырау шалып, өзін "Қазпошта" курьері деп таныстырғаны белгілі болған. Жергілікті тұрғынға хабарласқан белгісіз адам оған сот орындаушысынан хат келіп түскенін және оны алу үшін оған 1414 абонентінен келіп түскен кодты хабарлау керек екенін айтқан. Жәбірленуші бейтаныс адамның талаптарын орындаған. Әрі қарай әйелге құқық қорғау органдарының жалған қызметкері қоңырау шалып, оның атына бұрын айтылған хабарламаға байланысты несиелер алынғанын және енді онымен бірге жұмыс жасауға міндетті екенін және бас тартқан жағдайда ол "алаяқтықтың сыбайласы" деп танылатынын айтыпты. Содан кейін бейнеқоңырауға банктің жалған қызметкері қосылған. Ол жәбірленушінің банктік қосымшасына бөгде адамның кіруіне және тағы бірнеше несие алуға әрекет жасалғанын хабарлаған.

Алаяқтарға сеніп қалған ауыл тұрғыны 5 банктен несие алған. Содан кейін мобильді қосымша арқылы барлық соманы олар көрсеткен шот нөміріне аударған.

Қазіргі уақытта алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілердің жеке басы мен орналасқан жері анықталуда,-деп атап өтті полициядан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға