Ақмолада 2 мыңнан астам адам қаржы пирамидасынан зардап шеккен
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz
24.11.2022 12:28
1093
ҚМА Ақмола облысы бойынша департаментімен «River Coins Limited» қаржылық пирамидасын құру және басқару бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұзақ уақыт бойы желілік маркетингпен айналысып келген Г.У.Оралбаеваның қаржылық пирамида жүйесі негізінде жеке тұлғалардан ақша тарту арқылы табыс табу мақсатында компания құруға бел буғаны анықталды.
Оралбаеваның «River Coins Limited» қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде 2000-нан астам жеке тұлға тартылған, келтірілген шығын көлемі 18 миллион теңгеден асады.
Сот Оралбаеваны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді