Жаңалықтар

Ақмола және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Ақмола және Павлодар облыстарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: inbusiness.kz 12.01.2023 16:01 983

Ақмола және Павлодар облыстарында ауа райының нашарлауына байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 16-200 шақырымы (Астана қаласының учаскесі – Павлодар облысының шекарасы) мен Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолының 200-254 шақырымында (Ақмола облысының шекарасы – Шідерті елді мекені) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс уақытша шектелді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жол қызметі күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, делінген «ҚазАвтоЖол» АҚ хабарламасында.

Комапания жабылған республикалық маңызы бар тасжолға шыққаны үшін 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік, сонымен қатар 15 тәулікке дейін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жауапкершілік белгіленгенін еске салды. 

Қосымша ақпаратты «ҚазАвтоЖол» АҚ тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығының «1403» қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға